ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Телеарна туралы

  

 Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұнғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. 1989 жылы Қазақ ССР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық телевизиясын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған болатын. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізіліп, телестудияға «Кадр-103» бейнемагнитофондары, «Магнолия-83» ЖТС, АТК, «PANASONIC M-8000» телекамерасы сатып алынды және іске қосылды. Алғашқы сынақ хабарлары «Қазақстан» телеарнасынан аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері, 30 минут қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттардан құралды. Қостанай телевизиясының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағалары Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадин ағаларамыз болды.

 Тұнғыш төл телехабарды жасап, эфирге шығаруға кәсіптік шеберлігі мен шығармашылық күш-қуатын жұмсаған журналистер Жанұзақ Аязбеков, Анатолий Гаврилов, Қайрат Мұқатов, инженерлер Анатолий Лукашкин, Юрий Смирнов, дикторлар Алла Ломова, Ляззат Жайынбаевалар көп еңбек сіңірді.

1997 жылы тұңғыш рет облыстық телевизия 31 мамыр күні республикалық телемарафонға қатысып, корпорация тарапынан оң бағаға ие болды. Бір жылдан кейін техникалық мүмкіндіктің шектеулігіне қарамастан, Қостанай-Рудный-Лисаков қалалары арасында телевизияның үлкен концерт залында облыс активін жинап, «Жанашыр» деген атпен телевизиялық қайырымдылық акциясы өткізілді.

2004 жылы 30 наурызда «Қазақстан РТРК АҚ тапсырысы бойынша   хабар шығаратын бөлік және жүйелі монтаж аппараты ТVC компаниясының көмегімен қайта жарақтандырылды. Соның нәтижесінде, бейнемонтаж жабдығы үш камералы түсіру павильонына айналды (АСБ). Сондай-ақ, жаңа технологиядағы бейнекамералар мен бейнемагнитофондар алынды. Жаңа жүйелі және жүйесіз монтаждау жабдықтары іске қосылды. Компаниядағы қолда бар сандық техникаларды пайдалана отырып, телевизияның барлық монтаждау жұмысы 2005 жылы 5 сәуірде сандық (DVCAM, miniDV) түріне көшірілді.

2004 жылы 24 сәуірде 28 ТВК арна жиілігіне қуаты-1 киловатт ПТ-1000 телетартқыш орнатылып, іске қосылды. Соның нәтижесінде, хабар тарау көлемі қала маңында 40-50 шақырымға ұлғайды. Осы жылдың қараша айында облыстық Ішкі саясат департаменті бізге «TLW-120 SET-2» маркалы телесыбырлағыш орнатылды. Қазір мұндай құрылғының саны - екеу. Бұл тележурналистер мен режиссерлер жұмысын жеңілдетуге едәуір септігін тигізді.

 2007 жылы 1 наурызда жер серігі арқылы тұңғыш рет «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бойынша облыстық телехабарлар тарады.

 2009 жылы   «Мерседес» шағын автобус негізінде жасалған жылжымалы спутниктік телевизиялық станцияға ие болдық. Осының арқасында облыстың кез-келген жерінен 4 бейнекамерамен ірі-ірі айтулы оқиғалар мен жиындардан тікелей эфир жүргізу мүмкіндігі туды. Жыл сайын облыстағы Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір осы станция арқылы іске асырылуда.

Облыс бойынша «Кателко» АҚ жер серігі арқылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында аптасына 5 рет (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) күніне 1 сағат, (17.50-18.50) хабар беріледі. Қала бойынша – 28 ДЦМ жиілігінде, тәулігіне 14 сағат «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының хабары эфирге шығады.

2010 жылдың 13 желтоқсанынан бастап «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Intelsat-904» спутнигі арқылы (ОтауТВ) толық көлемде, 14 сағаттық телебағдарламалары ел аумағы және жақын шетелдерге  таратылуда.

2013 – 2014 ж.ж аралығында:

1. Эфир уақыты 17 сағатқа дейін ұлғайтылды;

2. Облыстың шалғай аудандарында меншікті тілшілер қосындары құрылу үстінде;

3. Филиал ғимаратында облыстық баспасөз клубы құрылып, әр апта сайын 2-3 мәрте брифингтер өткізілуде;

4. ОТРК ғимаратының бірінші және екінші қабаттарында облыс баспасөзінің мұражайы құрылуда;

5. ОТРК эфирінің кестесі, экрандық көрінісі, хабарлардың саны мен сапасы түгелдей өзгертіліп, республикалық арналардың эфирлік жүйесіне сәйкестірілді;

6. ҚМУ-дың журналистика факультетінің студенттері аптаның әр сәрсенбісінде ОТРК-да «Тәжірбиелік күні» сабағын өтіп, олардың арасынан талантты әрі қабілетті жастар жұмысқа тартылуда;

7. Циклды бағдарламалар өндіріске енгізілді:

    Олар, «Қазақстан – 2050», «Интонация», «Регион – 10», «Даму діңгектері», «», «Заң аймағы», «Біздің елдің жігіттері», «»,«Тартылыс күші», «Қазына», «Арқа әуендері», «Октава», «Жәдігерлер жаңғырығы», «Хранители», «Мәңгілік рух», «Эстафета памяти» «ЭтноӘлем». Бұл хабарларды дайындау үшін, біздің түсіру топтарымыз еліміздің және бұрынғы КСРО елдерінің түкпір-түкпіріне іс-сапарға жіберілуде.

8. 2013-2014 ж.ж. «Қазақстан – Қостанай» телеарнасынан  5 – дәстүрлі телекөпір өтті.

1 – телемарафон, 1 – ТМД елдері арасындағы интеграция  және 1 – ұлттар достығы тақырыбында республиканың 3 – 4 облысы ат салысқан өңіраралық телеүндесу өткізді;

9. ОТРК ғимаратына күрделі және өтпелі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, облыс басшылығы мен ақсақалдар алқасынан оң баға алды.

10. Бірінші және екінші студиялардың жабдықтары алынып, эфирлік безендіру ісінде біршама өзгерістер енгізілді. Сурдоаудармашылардың «Жаңалықтар» және ресми хабарларға қатысуы дәстүрге енді;

11.  Хабарлардың сапасын арттыру барысында:

       а) Бюджетті нақтылау;

       б) Жаңа есімдер іздестіру; 

       в) «Креативті» ойлар мен тақырыптар таңдау;

       г) Әр хабардың өз пішінін, форматын, «тілін» нақтылау;

       д) Көрерменге және арнаға берер нақты нәтижесін бақылау;

т.с.с. мәселелер әркез басты назарға алынып отыр.