ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

3 млрд жымқырған әскерилерден қанша пәтер мен көлік тәркіленді?

17:38, 9 наурыз 2017

Әскери сот үш миллиард қаражат ұрланған даулы мәселенің нүктесін қойды. Бұл іс Қорғаныс министрлігіне қатысты болған еді. Барлық сотталушылар осы мекемеде жұмыс істеген, олар өздеріне тиесілі мерзімдерін алды.

NUR.KZ хабарлағандай, максималды жаза 11 және 13 жыл, сонымен қоса ұйымдастырушылардың мүліктері тәркіленді. Олардың барлығы Қорғаныс министрлігінің жоғарғы шенді офицерлері.

Қорғаныс министрлігіндегі ұйымдасқан қылмысты топты жоғары шенді қызметкерлер басқарған. Мұның бәрі сотта дәлелденді. Белгілі болғандай, олардың қатарында әскери күшті пәтерге орналастыру Бас басқармасының офицерлері мен қаржы айналымы мекемесінің 11 адамы болған.

Аталғандардың барлығы қомақты үш миллиард теңгені жымқыру ісіне қатысқандар. Жымқырылған қаражат Әскери күштің керек-жарағына бөлінген.

Аталған іс бойынша 11 адам жазаға тартылды. Ұйымдасқан қылмыс тобының мүшелері бас бостандықтарынан 11 және 13 жыл аралығында айырылды.

Қалған қатысушылар 7-11 жыл мерзімді иеленді.

Әскерилерден бөлек іс бойынша ақшаны қолма-қол етіп отырған кәсіпкер де бар. Қосымша шара ретінде сот оның мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Бұл тізімге элиталы жылжымайтын мүлік, ақша мен жоғарғы класс көлігі де кірген.

Сот айыпталушыларға мемлекетке келтірген шығындарын төлетіп, олардың мүліктерін тәркіледі. Онда қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған пәтерлер, тұрақ орындары, Алматы мен Астанадағы элиталы тұрғын үй-кешендеріндегі кеңселік мекемелер, қымбат автокөліктер, қомақты қаражаттар бар.

Сотталғандардың ішінде Әскери күштің пәтер бөліп беру Бас басқармасының төрағасы Ильдар Гиниатулин бар. Оны 13 жыл бас бостандығынан айырып, үш бөлмелі екі пәтері мен тоғыз банк есебіндегі қаржысын тәркілеген.

Бірақ, ең бай жылжымайтын мүлік подполковник Айдара Келісовте болды. Үш бөлмелі бес пәтер, олардың үшеуі Астанадағы элиталы тұрғын үйде, аталған үй астындағы бірнеше тұрақ орны, түрлі есептердегі қаржысы да бар.

Фигуранттардан 4 тұрғын үй ғимаратын, 27 кеңселік және Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі тұрақ орындары, 9 люкс класындағы иномаркалар тартып алынды.

Тақырып бойынша материалдар

Жас жұбайлар мінген көлік жол апатына ұшырады
14:56, 23 тамыз 2017
Жас жұбайлар мінген көлік жол апатына ұшырады
Толығырақ...
Қалалық жағажайда марихуана тәркіленді
14:55, 23 тамыз 2017
Қалалық жағажайда марихуана тәркіленді
Толығырақ...
Мал ұрлығымен айналысқан азамат құрықталды
11:40, 23 тамыз 2017
Мал ұрлығымен айналысқан азамат құрықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...