ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Жол апатына қатысты сот отырысы басталды

19:03, 10 тамыз 2017

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылады. Қостанай қалалық №2-ші сотта жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды. Естеріңізде болса, жол апаты 6 мамыр күні Қостанай қаласындағы Гагарин-Баймағамбетов көшесінің қиылысында болған еді. Кроссовер маркілі жеңіл автокөлігі жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Салдарынан 34 жастағы дәрігер мерт болды. Айыпталушыға қылмыстық кодекстің 345 баптың 3 тармағы бойынша айып тағылып отыр.

6 мамыр күні акушер Анастасия Авраменко Меңдіқара аудандық ауруханасынан жүкті әйелді облыстық перзентханаға алып бара жатқан еді. Жедел жәрдем көлігінің рөлінде 58 жастағы Николай Деулин болған.  Жүргізуші аяғы ауыр келіншекті  ауруханаға дереу  жеткізу үшін арнайы дыбыс сигналын  қосып, жоғары жылдамдықпен  жүйткіп келе жатқан. Сөйтіп, бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп кеткен кезде кроссовер көлігімен  соқтығысады.

Жол - көлік оқиғасынан кейін куәгерлер полицейлер мен жедел жәрдемді шақырады.  Уаз көлігінің жүргізушісі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.  

Николай Деулин  өз кінәсін мойындамай отыр.  Қазргі таңда осы қылмыстық іс бойынша сотта куәгерлер тыңдалады. Айта кетейік, жол апатынан  қаза тапқан  Анастасия  Авраменконың ұлы қалды.

Тақырып бойынша материалдар

Жас жұбайлар мінген көлік жол апатына ұшырады
14:56, 23 тамыз 2017
Жас жұбайлар мінген көлік жол апатына ұшырады
Толығырақ...
Қалалық жағажайда марихуана тәркіленді
14:55, 23 тамыз 2017
Қалалық жағажайда марихуана тәркіленді
Толығырақ...
Мал ұрлығымен айналысқан азамат құрықталды
11:40, 23 тамыз 2017
Мал ұрлығымен айналысқан азамат құрықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...