ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Дихандар дән себуге дайын

16:50, 13 наурыз 2017

Биыл майлы дақылдар алқабы 327 мың гектарға ұлғайтылмақ. 2 мың гектар жерге бидай себіледі. Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі уақытында өткізу мәселесі талқыланды. Гербицид, тыңайтқыштар мен жанар-жағар май сатып алуға мемлекеттен қомақты қаражат бөлінген. Шаруаларға техникаларын жаңартып алуға да мол мүмкіндік қарастырылған.

Былтыр дәнді өлкенің дихандары берекелі еңбек етіп, соның нәтижесінде мол өнім жинап алды. Биыл  астықты аймақ бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуді көздеп отыр. Ал ол үшін біріншіден  көктемгі дала  жұмыстарын сапалы және уақытында өткізу маңызды.   Осы орайда көктемгі  науқанынға  дайындық  пысықталды. Егіс алаңы биыл 5,2  млн  гектарды құрайды.  Оның  2 мың гектары бидай болса, 327 мыңы майлы дақылдар.

Аймағымызда бидайдың бағалы сорттары аз егіледі. Шаруалар элиталы тұқым өсірумен айналысатын тәжрибелі шаруашылықтармен  тиісті түрде жұмыс істемейді.    Облыс әкімі жергілікті аграрийлерге астықтың сұрыптарын жетілдіруге баса көңіл аудару қажеттігін тапсырды.  Бұл   өнімнің  сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз.

Егін егу жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау, топырақ құнарлығын арттыру, өндірістің озық технологиясын енгізу, тыңайтқыштарды пайдалану. Егінжайларда осындай  кешенді шараларды тиісті түрде атқару -  мол өнімге кепіл.  Ал бұл қаржыға келіп тірелетіні белгілі.  Биыл мемлекет тарапынан көрсетілетін  жәрдем молайған. Аймағымыздағы ауыл шаруашылығ ытауар өндірушілеріне   30 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінді. Оның 12 млрд теңгесі өсімдік өнідірісіне бағытталған.

Әрі егінжайларда инновациялық технологияларды қолданудың маңызы зор- деді өңір басшысы .Шығын шықпай, кіріс жоқ демекші, дәнді дақылдар себумен іс тынбайды, жақсы өнім алу үшін оған күтім де қажет.  Жиында айтылған ортақ ой осыған саяды.

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік – экономика саласында өсім бар
20:54, 24 шілде 2017
Әлеуметтік – экономика саласында өсім бар
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...