ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Әулиекөл ауданы. Науқас ана көмек сұрайды

17:11, 10 наурыз 2017

Көпбалалы науқас ана көмекке мұқтаж. Әулиекөл ауданының Аққұдық аулында тұратын Ләйла Абдрахманова созылмалы тері ауруына шалдыққан. Бір жылға жуық төсек тартып жатқан оны қазір 21 жастағы қыз баласы күтіп-бағып отыр. Өткен жылы бірнеше рет ауруханаға жатып шыққанмен дертіне дауа таппапты. Аурудың асқынып жазылмауына не себеп, отбасының ендігі үміті кімде?

Ауруы жанына батқан Ләйлә Абдрахманова амалсыз көз жасына ерік береді. Қалқайып отырғаны болмаса үй шаруасын істемек түгілі өзін күтуге де шамасы жоқ. Қазір оның күтушісі де, емшісі де тұңғышы – Айнұр. 
Анамның науқасы былтыр мамыр айында білінді дейді Айнұр. Дәрігерлер оған «Ортопедический дерматит» деген диагноз қойған. Аудан орталығында екі рет, облыс орталығындағы ауруханада екі рет жатып ем қабылдапты. Алайда дерттің беті қайтпаған. Аудандық аурухана мамандары бұған науқастың өзі кінәлі деп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина саласының үздігіне құрмет көрсетілді
14:59, 23 тамыз 2017
Медицина саласының үздігіне құрмет көрсетілді
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру қорына 1,5 млн. теңге түсті
19:48, 15 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру қорына 1,5 млн. теңге түсті
Толығырақ...
Аудандық қорға 2 млн. 323 мың теңге жиналды
20:36, 14 тамыз 2017
Аудандық қорға 2 млн. 323 мың теңге жиналды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...