ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Туберкулезге шалдығу деңгейі төмендеген

16:45, 19 сәуір 2017

Туберкулез-бүгінде әлем бойынша ең қауіпті жұқпалы індеттің бірі. Облыс аймағында осы індетті жұқтырғандар саны жыл сайын азайып, өлім-жітім 9 пайызға төмендеген. Дегенмен, медицина мамандарының бас ауруына айналған мәселелер де жоқ емес. Мәселен, облысымыздың 6 ауданында фтизиатор маманы қат. Бұл аурудың алдын-алу шараларының кеңінен жүргізуге кедергі келтіруде. Жалпы, соңғы жылдары елімізде құрт ауруын емдеу шараларына қаржы молынан бөлінуде. Осындай мемлекеттік қолдау эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ұстауға мүмкіндік беруде.

Дәрігерлердің дерегіне сенсек, аймағымызда  құрт ауруы дертіне шалдығу деңгейі азайған. 5,3 пайызға. Дегенмен,  туберкулез  ауруымен сырқаттану  өзге аудан, қалаларда өршіп тұр. Жітіқара, Қамысты, Таран , Науырзым ауданы мен Арқалық, Қостанай қаласында  аурушандық белгісі облыстық көрсеткіштен жоғары. Дертке шалдыққан науқастардың саны, өлім – жітім, туберкулездің белсенді түрінің таралуы. Ақ желеңділер әлеуметтік індеттің эпидемиологиялық ахуалын осы аталған 3 жағдай бойынша анықтайды. Туберкулезден көз жұмғандардың саны азайғанын айтады медицина саласының мамандары. Есесіне,құрт ауруының    тұрақты түріне   шалдығу өскен. Оны емдеу   3 жылға созылады.

Бұрындары туберкулездің  тұрақты түрін анықтауға 3-4 ай уақыт кететін.  Қазір озық медициналық жабдықтардың арқасында бұндай проблема жоқ. Дертті ең көп дегенде 2  сағаттың ішінде анықталынады. Қондырғылар, құрылығылар бар. Алайда, өңіріміздің 6 ауданында фтизиатор мамандар тапшы. Бұл да  қауіпті кеселдің алдын алуға кедергі келтіруде.  

Қазіргі таңда туберкулездің белсенді түріне  шалдыққан 1142 адам диспансерлік есепке алынған. Қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыты осы ем-дом мекемелеріндегі  науқастардың санын азайту. 

Мамандардың айтуынша, кеселге шалдығу жағдайын азаматтардың өздері де анықтай алады. Мәселен, дене қызуының еш себепсіз көтерілуі,2 аптадай жөтел тоқтамаса, жүрек айнып, бас айналу секілді белгілер пайда болса флюорографиялық тексерістен өтіп шыққан жөн деп кеңес береді.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина саласының үздігіне құрмет көрсетілді
14:59, 23 тамыз 2017
Медицина саласының үздігіне құрмет көрсетілді
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру қорына 1,5 млн. теңге түсті
19:48, 15 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру қорына 1,5 млн. теңге түсті
Толығырақ...
Аудандық қорға 2 млн. 323 мың теңге жиналды
20:36, 14 тамыз 2017
Аудандық қорға 2 млн. 323 мың теңге жиналды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...