ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Денисов ауданы. Жаңа саябақ ашылады

17:37, 11 тамыз 2017

Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Онда отандастарды елімізді көркейтуге іс жүзінде атсалысуға шақырды. Президент үндеуіне үн қосқандардың қатарында Денисов ауданының азаматтары да бар. Аталмыш аудан орталығында таяуда тағы бір саябақ ашылады.

Елбасы мақаласындағы елеулі бағдарламаны алғашқылардың бірі боп іске асырып жатқан аудан тұрғындары туған өлкені түлету тұрғысында толайым тірлік тындыруда. Бұл бағдарлама - барша қазақстандықтарға қаратып айтылған сөз. Оны орындау әрбір азаматтың перзенттік парызы, -  дейді Президент мақаласының маңызын түсінген Денисов ауданының жұртшылығы. 

Аудан орталығында төрт жыл ішінде ашылып отырған төртінші демалыс орны – бұл. Мәдени нысанның құрылысын қаржыландыруға жергілікті аумақтан үш жеке кәсіпкер ақша бөлген. Тұрғындарға тарту етілгелі отырған саябақтың жалпы құны 8 млн. теңгені құрайды.  

«Туған жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан су жаңа саябақ биылғы жылдың мамыр айында басталған. Қазір мұнда брусчатка төсеу, алаңды қоршау және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігерлердің мәлімдеуінше, саябақ бір ай аралағында елдің игілігіне берімек.

Тақырып бойынша материалдар

Ұзынкөл ауданы. Рухани жаңғыру – қазақ өркениетінің жаңа дәуірі
14:46, 23 тамыз 2017
Ұзынкөл ауданы. Рухани жаңғыру – қазақ өркениетінің жаңа дәу...
Толығырақ...
Рухани жаңғыру: Ақпараттық топ құрылды
19:20, 21 тамыз 2017
Рухани жаңғыру: Ақпараттық топ құрылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...