ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Рухани жаңғыру - идея қалыптастырудың жаңа бағыты

17:50, 19 сәуір 2017

Президенттің мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу жайы да айтылды. Бұл ерекше бағдарлама елі мен жерінің тағдырына бей-жай қарай алмайтын әрбір азаматтың жүрегіне жылылық ұялатқаны анық. Бағдарлама аясында ауылдар, елді-мекендер қайта түлейтіні айрықша қуантып отыр, - дейді «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының мүшелері.

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – қазақтың рухани әлемін дамытып, ұлттық санасын жаңғыртатын стратегиялық жоспар. Мұнда мемлекетіміздің тарихына, тіліне, мәдениетіне қатысты терең ойлар, толғаныстар айтылған, - дейді «Ауыл» партиясының мүшелері.  

Латын әліпбиіне көшуден жастар үлкен үміт күтеді. Оның артықшылықтары ұшан-теңіз болатынына сенімді олар. Себебі, білім мен ғылым дамыған жаһандану заманы елімізден осындай серпіліс талап етеді.    

Туған жерге деген махаббат шалғай өңірлердегі ауылдарды, шұрайлы мекендерді жаңғыртудан, Ұлы даланы ардақтаудан басталады. Сол себепті, мақалада ауылдарды көркейтуге мән берілгенін құптаймыз дейді жиынға қатысушылар. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Ұзынкөл ауданы. Рухани жаңғыру – қазақ өркениетінің жаңа дәуірі
14:46, 23 тамыз 2017
Ұзынкөл ауданы. Рухани жаңғыру – қазақ өркениетінің жаңа дәу...
Толығырақ...
Рухани жаңғыру: Ақпараттық топ құрылды
19:20, 21 тамыз 2017
Рухани жаңғыру: Ақпараттық топ құрылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...