ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Алғашқы айда қорға 1 млрд теңге жиналды

18:57, 10 тамыз 2017

Міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыру қорына 1 миллиард теңге қаржы жиналды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз орталығында денсаулық сақтау вице - министрі Ляззат Ақтаева айтты.

Айта кету керек, міндетті медсақтандыру қорына жұмыс берушілер 1 шілдеден бастап қаржы аудара бастады.  Баспасөз мәслихатында Ұлт жоспарында жүктелген міндеттердің орындалу барысы айтылды.  Биыл  медицина мекемелерінің 50 пайызы, келесі жылы барлық мекемелер тиісті ақпараттық жүйемен қамтылады. Осылайша денсаулық сақтау министрлігі  2019 жылдан бастап қағазбастылықтан толық құтылып, электронды денсаулық төлқұжатын енгізеді. Сондай-ақ ұлт жоспары аясындағы жекешелендіру жайы да сөз болды. Бұған дейін жекешелендіру тізімінде болған «Самұрық қазына Фармациясы» компаниясы жекешеленбейтін болды. Ол медициналық сақтандыру қорының құрамына енді.  Денсаулық сақтау вице-министрі  қоғамда қызу талқыға түскен коксаки инфекциясы туралы да ресми мәлімдеме жасады.

Айта кету керек, Түркия курорттарында аталған инфекция таралуы мүмкін деген себеппен Ресей жедел байланыс орталығын ашқан болатын. Алайда Түрік тарапы  туристер арасында мұндай инфекция таралмағанын мәлімдеді.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...