ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

«Бизнестің жол картасы» жемісті жүзеге асуда

18:59, 10 тамыз 2017

Қостанай облыстық мәслихатының бір топ депутаттары облыс орталығындағы кәсіпорындарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ел экономикасын еселейтін негізгі бағыттардың бірі болып саналады. Осыған орай, үкімет тарапынан «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. 2020-шы жылға дейін жалғасатын аталмыш бағдарлама аясында облыс орталығында бірнеше кәсіпорындар ашылып, қазіргі таңда халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Өңір орталығындағы ірі өндіріс орындарында болып қайтқан бір топ халық қалаулылары кәсіпкерліктің кең қанат жайып келе жатқанына куә болды. Олар облысқа ғана емес, республикаға танымал кәсіпорындар мен серіктестіктерде  атқарылып жатқан жұмысты өз көздерімен көріп, оң бағаларын берді.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...