ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Борышкерлермен күрес күшейтілмек

17:45, 11 тамыз 2017

Қостанай қаласы бойынша көлік салығы үшін қарыз 265 млн. теңгеге жетті. Бұл, тиісті органдардың кезекті рейд өткізуіне түрткі болды. Барлығы 16 мың борышкер бар. Олармен күрес күшейтіледі, деп мәлім етті кірістер басқармасының өкілдері. Бүгін шара барысында екі жыл бойы салық төлемеген тұрғынның көлігі тәркіленді.

Қостанай қаласында көлік салығынан жалтарып жүргендердің темір тұлпарлары тәркіленуде. Борышкер Наталья Бобренконың берешегі 125 мың теңгеден асып түскен.   Осындай салғырттығы үшін кіріс басқармасы сот орындаушылармен бірлесе заң жүзінде жазалау әрекеттерін қолдануға мәжбүр.

Наталья қарызды бір айдың ішінде өтегу міндет. Әйтпесе, темір тұлпар аукцион арқылы басқа иесін табады. Жалпы, берешегі бастан асқан борышкерлердің үй-жайларына дейін сатылымға шығарылуы ықтимал, - дейді мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері.

Біздің мақсат жазалау емес, - дедйді салықшылар. Ең бастысы, қарызды уақытылы төлемеудің ақыры қандай салдарға апарып соқтыратынын тұрғындарға ұқтыру. Себебі, сот шығындарын, мемлекеттік баж салығын төлеу қосымша шығынға соқтыратынын борышкер түсіне бермейді.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...