ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Cу тасқыны бәсеңдеп келеді

18:21, 20 сәуір 2017

Қостанай облысында су тасқынының беті қайтты. Тұрғындар біртіндеп баспаналарына оралып жатыр. Негізі Қостанайда су зардабы өзге өңірлермен салыстырғанда едәуір аз болды. Өйткені жауапты органдар көктемгі әбігерге ерте қамданған еді.

Ептеп еске түсірейік. Көктемі кеш, қысы ұзақ Қостанайда, құзырлы органдар тасқынға көп дайындалды. Су қоймалары түгел дерлік тексеріліп, көбесі сөгілмеген ақ қар, көк мұзды төбеден тексеріп, көлемін нақтылау, қауіпін сейілту шаралары жүрді. Тобыл бастау алатын Ресей облыстарымен келісімдер болды, Аяттың мұзын жарды мамандар. Өзен-көлді іргелей қонған ауылдарға қапшық-қапшық құм, техника және күзет қойылды. Нәтиже алапат судың зардабы аз тиді. 

Восточный ауылы қарайтын Қарасу ауданында барлығы 15 елді-мекенге су кіріпті. Жергілікті билік өкілдері алдын-ала қамданып, тұрғындарға ескерту жасағандарын айтады. Соның арқасында көпшілік сақтық шараларын жүзеге асырып үлгерген. Алқаптың суы ауылға лап қойғанда оған қарсы қайрат көрсететін техника мен адам күші де сақадай сай тұрыпты. 

Аудан орталығы Қарасу кентінде 142 үйді су басқан. Алдын ала қамданып арықтар қазып қойғандықтан ағын су көп бөгелмей іргедегі өзенге құйылыпты. Ал аула мен үй ішінде іркілгені сорғыштар арқылы тазартылған. Бірақ аудан бойынша әлі тасқынның беті толық қайтқан жоқ. 

Сонымен қатар ауыл әкімдіктерінің жанынан құрылған комиссия апаттан келген шығынды есептеп жатыр. Оның қортындысы бойынша тұрғындарға материалдық көмек берілетін болады. Облыс бойынша қазір тасқын судың құрсауында бір ауыл ғана қалған. Жалпылай алғанда жағдай тұрақталып келеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...