ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Денисов ауданы. Еңбекпен қамтылғандар қатары еселене түсуде

17:40, 11 тамыз 2017

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде Денисов ауданында 33 адам қысқа мерзімді оқыту курсынан өтуде. Олар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Сондай-ақ, ауданда шағын несие алып, кәсіпкерлікке бет бұрғандар қатары көбейіп келеді.

Ынта болса, жұмыс та табылады. Аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған Наталья Адуновская мемлекеттік бағдарламаның «Жастар практикасы» бағыты бойынша енбек етіп жатыр. Дәмханада аспаз болып істейді.  Келісімшарт мерзімі аяқталғанда осында тұрақты жұмысқа орналасу ойы бар. 

Назарбек Бекқожин аудандағы мал шаруашылығын өркендетуге үлес қосып жүр. Былтыр «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бес жыл мерзімге 1,5 млн теңге шағын несие алған. Алғашқы уақытта шаруа аздап қиналғанын жасырмайды. Кейін адал еңбектің жемісін көре бастады. Бүгінде қорасында жылқыларға толы. Шаруаның айтуынша, бұл отбасылық еңбектің нәтижесінде құрылған шаруашылық. Барлық жұмысты өзі тындырады.

Аудан бойынша бүгінде Назарбек сияқты шағын несие есебінен 3 адам шаруасын шалқытқан. Таяу уақытта тағы 29 тұрғынның өтініші қанағаттандырылмақ. Жалпы, халық  арасында мемлекеттік бағдарламаға деген қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Мемлекеттік қолдауға ие кәсіпкерлер ертеңіне сеніммен қарап, ісінің жемісті болатынына үміт артуда. 

Биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының ықпалымен Денисов ауданында жұмыссыздардың шамамен 15 пайызы қамтылған. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш әлі де ұлғаяды, - дейді «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...