ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

«Экспо - сити: болашақтың үлгісі» көрмесі

19:09, 10 тамыз 2017

Қостанайдағы Лев Толстой атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасының әдебиет бөлімі «Экспо-сити: болашақтың үлгісі» атты көрме ұйымдастырды. Көпшілік назарына ұсынылған туындылар - Қостанай қалалық техникалық шығармашылық мектебі шәкірттерінің қиялынан туған жұмыстар. Өнертапқыш өрендердің болашаққа жасаған қадамдарын тілші тамашалады.

Көрме сан түрлі техникалық модельдермен толыққан. Олардың барлығын қалалық техникалық шығармашылық мектебінің оқушылары жасаған. Әрбір экспонаттан баланың ұшқыр қиялын көруге болады. Түрлі тақырыпты қамтыған дүниелер өзінше керемет. Оларды тоққа қосса өз бетінше қозғалып, таңқалдырады. Көрмеге қырыққа жуық экспонат қойылған.

Көрме атауы болашаққа арналған. Оқушылар өздерінің қиялдары арқылы келешекте әлемнің қалай өзгеретіндігін көрсеткісі келгендей. Аталмыш мектеп шәкірттері үнемі ізденіс үстінде жүреді. Олар робот, авиямодель, кеме сияқты сан алуан макеттерді жасауға шебер. Балалардың Астана төрінде өтіп жатқан дүниежүзілік көрмеден шабыт алғандары талассыз.

Техникалық шығармашылықты ойдың ұшқырлығы, шеберліктің шыңы деуге болады. Бұл – келел күнге, болашаққа жасалған батыл қадам. Сондай-ақ, өнертапқыштық – өрендерге өзін-өзі көрсетуге, тың идеясын жұртқа жеткізуге берілген мүмкіндік, дейді кітапханашылар.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...