ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Кәсіпкерлер туризмді дамытуға мүдделі

19:07, 10 тамыз 2017

Облыста туристік, мейрамханалық және конақ үй кешені бизнесінің қауымдастығы ашылады. Кәсіпкерлер осы салада сервистік қызметті жақсартып, жүйелі мәселелерді бірлесе шешуге мүдделі. Жаңа бірлестік аясында қандай мәселелер шешімін табады?

Туристік агенттіктер, мейрамханалар және қонақ үйлердің өкілдері кәсіпкерлер палатасында басқосты. Біздің өңірге деген қонақтардың қызығушылығын қалай арттыруға болады? Бұған не кедергі? Олар осы мәселе тұрғысында әңгіме өрбітуде. Жасыратыны жоқ, бүгінде шетелдерде туристер қызмет түрлерін толыққанды алады. Сапасы да талапқа сай. Ал біз бұл тұрғыда айтарлықтай мақтана алмаймыз. Табиғаты бай, әсем, көрікті жерлер баршылық. Бірақ, туристер қатары қалың емес. Оның бірнеше себебі бар. 

Мейрамхана және қонақ үй ісі бизнесінде кәсіби кадрлардың тапшылығы бөлек проблема. Білікті мамандарды жұмысқа тарту жылдан-жылға күрделеніп барады, - дейді жиналғандар. Колледж бітірген түлектер мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға ынталы емес немесе жұмыс берушілер жоғары талаптар қоятын көрінеді.

Бұл іскер азаматтардың жаңа қауымдастық шеңберінде атқарушы органдар, кәсіпкерлер Палатасы және өзге ведомствалар арқылы көтерген проблемалы мәселелердің бір жағы ғана. Осындай бірлестіктер Қазақстанның барлық өңірлерінде бар. Ал өзге мемлекеттердің тәжірибесі дәлелдегендей, туризмді дамыту ісі ең әуелі аймақтық деңгейден басталады. Жиын соңында қатысушылар қостанайлық қауымдастықтықтың басшысы ретінде бірауыздан Гауһар Бектасованы таңдады. Аталған бірлестіктің мүшелігіне облыстағы барлық туристік, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің өкілдері кіре алады.        

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...