ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Қостанайда кезбе мысықтар көбейген

18:29, 9 тамыз 2017

Қостанайда көше мысықтарының саны көбейген. Бейсауат жүрген жануарлардың мәселесі қашан да өзектілігін жоғалтқан емес. Облыс орталығында көше кезген хайуандарға арналған уақытша баспана да бар. Алайда мұндай орындардың жұмысына мыңдаған хайуанды асырауға қаржы бөлінбейді. Сондықтан көптеген мысықтарды ұйықтатып, көзін жою мәселесі қолға алынуда.

Ескі ғимараттардың айналасына көз салсақ бейсауат жүрген мысықтардың қатары артқандығын байқаймыз. Кейбіреулері баспанасынан адасып қайтар жолды таба алмаса, енді біреулерін ауру салдарынан қамқоршылары тастап кеткен. Шарасыз хайуандардың көбісінің халдері мүшкіл. Ал денсаулығы қалыпты күйдегі мысықтар «Зоопульс» баспанасында уақытша тұрақтап, кейін көбісі иелерін тауып жатады.

Кезбе мысықтармен күрес мәселесінің ауқымы жыл санап  ұлғайып келеді. Мәселен, ағымдағы жылы ауру мысықтарды залалсыздандыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, арнайы бригада күшімен 1422 ит-мысықтың көзі жойылды. «Бұл жұмыстар мысықтардың жұқпалы ауруы болатын болса, дені сау үй жануарларына жұғып кетуінің алдын алу және тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде»,- дейді мамандар.

Ұйықтатылған ауру мысықтардың барлығы қала сыртындағы Беккери шұңқырына жеткізіліп, залалсыздандырылып жатыр. Мамандар қала тұрғындарына үй жануарларына асқан жауапкершілікпен қарап, күтімсіз тастамауын өтінеді.  

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...