ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Қостанайда тазалық айлығы басталады

17:30, 13 сәуір 2017

Еріген қардан қалған қоқыстарды тазарту жұмыстары облыс орталығында жүйелі түрде жүргізілетін болады. Әр бейсенбі мен жұма күндері жалпықалалық сенбілік өткізіледі. Оған барлық мекемелер жұмылдырылады. Қостанайдың санитарлық жағдайын қалыпқа келтіруге арналған жиында шаһар басшысы Базыл Жақыпов коммуналдық сала қызметкерлеріне осындай міндеттемелер жүктеді.

Облыс орталығының санитарлық жағдайын ретке келтіруге 125 млн теңге бөлініп отыр. Бүгінде 1 млн текше метр қоқыс қаладан тазартылды. Сенбілік кезеңінің басталуы да алыс емес. Шаһардың шырайын кіргізуге атсалысу әркімнің міндеті. Өйткені, таза қала әрбіреуіміздің мақтанышымыз болу керек деді қала әкімі.

Санитарлық тазалықпен қатар, қаланың сырт келбеті де сөз болды жиында. Биыл 45 автобус аялдамасы жаңа кейіпке енеді. Ірі нысандардағы құрылыс жұмыстары да жалғасын табады. Олар үлкен көпір маңындағы аумақ пен Гашек көшесіндегі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған саябақ. Соңғысында биыл 300 көлікке шақталған тұрақ пен сыйымдылығы 1000 көрермен болатын амфитеатр пайда болады.      

Облыс орталығының көз сүйсінтерлік сұлу әрі таза болуы үшін, тек басшылық емес, барлығы белсене ат салысуы қажет. Әр аптаның бесенйбі, жұмасы жаппай тазалық күні деп белгіленді.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...