ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Сапалы өнім, қолжетімді баға

19:11, 10 тамыз 2017

Ресейлік тігіншілердің қолынан шыққан бағалы, сәнді тондар Қостанайда сатылып жатыр. Ішіктердің үлгісі сан алуан. Сапасы да жоғары, бағасы да қолжетімді. Ресейлік дизайнерлердің тондарын сатып алғыңыз келсе, Спорт сарайындағы тондар көрмесіне барыңыз. Банк арқылы бөліп бөліп төлеу қарастырылған. Әрі, 40 пайызға дейін жеңілдіктер тағы бар.

Бағалы тондар мен ішіктер -  кез келген  қыз – келіншектің ажарын  ашатын бірегей  сырт киім саналатыны белгілі. Өйткені әрдәйім  жарасымды , сәнді көрінеді.  Сондықтан тері өнімдеріне сұраныс бикештер тарапынан қашанда басым болған. Қостанай қаласындағы Спорт сарайындағы жәрмеңкеде  Ресейдің Пятигорстағы  «союз меха»  зауытының өнімдері сатылуда. Сәнқойлар үшін бұл таптырмас базарлық. Мұнда аң терілерінен тігілген   тондардың алуан түрін таба аласыз. «Қыстың қамын жаз ойла» деген ұстанымды негізге алған Жазира Тұрлыбай  тондар көрмесінің өтетінін естігенде бірден осында келген.

Бұл жолғы жәрмеңкеге тері өнімдерінің 5 мыңға жуық түрі әкелінген. Ресейлік дизайнерлердің қолынан шыққан эксклюзивті түрлері де көп. Білікті сатушылар да  жарасымды қысқы киім таңдауда тұтынушыларға көмек беруде.   

Әрбір ұнаған тонды банк арқылы бөліп бөліп төлеп алуға мүмкіндік бар.   Тұтынушылар үшін және де 40 пайызға дейін жазғы жеңілдіктер қарастырылған. Сырт киімдер тігін фабрикасынан тікелей жеткізілген.

Қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктер, қой терісінен тігілген тондар,  мутон  мен  сәнді үлгідегі  күртешелер. Тон өнімдерінің өлшемі де сан алуан.   Сапасы да, бағасы келушілердің көңілінен шығуда. Тон жәрмеңкесі 20  тамызға дейін жалғасады. Сондықтан мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...