ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Сарыкөл ауданы. «Туған жер» - рухани жаңғырудың жарқын жолы

19:01, 10 тамыз 2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға сарыкөлдіктер бір кісідей атсалысуда. Мәселен, аудандық мешітті жаңарту бастамасына мұрындық болған азаматтар ұрпаққа өнеге көрсетуде. Елдің дамуы ауылдан басталады деп санайтын жұртшылық алдағы уақытта да бірқатар жарқын жобаларды жүзеге асырмақ.

«Аққозы қажы» мешіті осыдан 24 жылдай бұрын салынған. Халықтың қаражатына. Сол кезден бері жөндеу көрмеген. Көп түкірсе көл демекші, «елім» деген азаматтар бастап, жұртшылық қолдап, биыл алғаш рет мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы соммасы 9 млн теңгені құраған жөндеу жұмыстары нәтижесінде, мешіттің шатыры ауыстырылып, пластикалық терезелер де орнатылды. Оған қоса аулада гүлзарлар пайда болып, абаттандырылды. Аудан басшыларының айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ауданды көркейту үшін қаражат әлі де жиналып жатыр. Ауыл-аймақтың дамуына үлес қосам деушілер аз емес.   

Аққозы қажы мешітін жөндеу жұмыстары көп ұзамай аяқталып, халық игілігіне жаратылады. Жаз мезгілі аяқталғанға дейін нысан жылу жүйесімен де қамтылады.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...