ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Табиғат – ананы аялау – ортақ парыз

17:14, 10 наурыз 2017

Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы мен табиғат ресурстары басқармасы қызметкерлері бірлесіп, студент жастарға арналған келелі кездесу ұйымдастырды. Басқосуда жабайы жан-жануарларды қорғау мен қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтап қалу амалдары айтылды.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан болар, «Табиғат-Ана» деген түсінік қалыптасқан. Алайда, бүгінгі таңда болып жатқан жағымсыз әрекеттер перзенттік парыз емес пасық пиғылға жатады. Меңзеп отырғанымыз - аяусыз аң-құстарды ату мен айналаны ластау. Осы олқылықтарды жою мақсатында қоршаған ортаны қорғау мекемелері жастардың қатысуымен мәжіліс өткізді.

Жабайы жан-жануарларды заңсыз аулау әрекеттерінің де көбейіп кеткендігін айтады мамандар. Былтыр аумақ аумағында 12 броконьерлік факті тіркелген болса, биылғы жыл басында-ақ 4 заңбұзушылық анықталып отыр.

Табиғатты қорғау тек қана түз тағыларына тиіспеу деген – теріс түсінік. Айналаны  таза ұстау, қоқыс контейнерлерін ретімен пайдалану да - біздің қоршаған ортаға көрсеткен қамқорлығымыз. Пластикалық қоқыс қалдықтарын бөлек жинау жалпыхалықтық мәдениетке айналуы тиіс.

Жиында тек түсіндіру шаралары ғана жүргізілген жоқ. Сондай-ақ, көрнекі құралдар арқылы тазалық сақтау амалдары да ұсынылды. Аң-құстарды аялап, айналаны ластамауға үгіттейтін түрлі мазмұндағы суреттер көз тіккеннің көкейіне ой салғаны айдан анық.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...