ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Үш жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті

17:46, 11 тамыз 2017

Қостанайда үш жастағы қыз бала көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Түрлі жарақат алған бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мәліметінше, оқыс оқиға абайсыздықтан орын алған.

Бұл, жыл басынан бері облыста болған осындай үшінші жағдай. Былтыр Арқалық қаласында да бір бала терезеден құлап, зардап шеккен. Республика бойынша осыған ұқсас фактілер өткен кезеңмен салыстырғанда өскенін айтады мамандар. Биыл 31 оқиға тіркелсе, 7-і қайғылы аяқталған. Бұған себеп – ата аналардың бейқамдығы, деп атап өтуде төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері. 

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...