ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Үздік үй, сәнді аула

19:12, 10 тамыз 2017

Қоршаған ортаны ластап, залалын тигізіп жүрген күл – қоқыстарды да кәдеге жаратуға болады. Бұған, тұрмыстық қалдықтардан әртүрлі әсем заттар жасап жүрген Лариса Лебедеваның ісі дәлел. Қостанайдағы Садовая көшесіндегі 49-шы үйдің аула сыпырушысы ол жерді нағыз демалыс алаңына айналдырған.

Күн сайын таң сәріден тұрып, жұрт оянғанша ауланы айнадай етіп сыпырып, су шашып қоюды Лариса әдетке айналдырған. Одан соң гүлдерді суарады, үйдің сыртын бір айналып, түнде тұрғындар лақтырып тастаған қоқыстарды тағы жинайды. Тазалық – денсаулық кепілі. Ұстанған қағидасы осы. 

Алма, өрік, шие, тіпті тропикалық жемістердің бәрі осы аулада тұнып тұр. Бәрі Ларисаның қолынан шыққан дүниелер. Ертегі кейіпкерлері де осында. Бұл жерді қонжықтар, дала үйректері мен қаздары, аққу тағы басқалары мекен етеді. Гүлдердің түр-түрі жайнап тұр. Саңырауқылақтар да сан алуан.  

Аулаға көрік беріп тұрған бұл әсем туындылар кәдімгі бөтелкелерден жасалынған. Мәселен, мына поезд пластикалық жәшіктен, ал бағдаршамға майонездің сауыттары қолданылған. Жолаушылардың рөлінде - ойыншықтар. Сәулеті мен кескіні келіскен  мұндай дүниелер көп. Ал мына - «үйшік пен мыстан кемпір» әсіресе, балалардың  көзайымына айналды.    

Осылайша, Ларисаның арқасында Қостанайдағы Садовая көшесіндегі 49 үй қаладағы ең әсем, ең үздік аула деуге әбден болады. Еңбек адамын аталмыш үйдің тұрғындары да құрмет тұтады.  

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...