ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Заңсыз айналымнан 500 қару-жарақ тәркіленді

17:47, 11 тамыз 2017

Облысымызда тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілерді тексеру барысында заңсыз айналымнан 500 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес.

Кезекті акция барысында 800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 463 қаруды иелері ерікті түрде тапсырса, 143-інің тіркеуге алынбағаны анықталды. Полицейлер Қостанайда тұратын 76 жастағы зейнеткердің үйінен ірі көлемдегі қару-жарақ тапқан. 7 пистолет, винтовка, 600 оқ-дәрі, пышақтың түр-түрі мен бірқатар қолдан жасалған жарылғыш заттарды ол не үшін сақтағаны тексерілуде. Айта кетейік, елімізде қаруды сақтаудың жаңа тәртіптері енгізілді. Ережені бұзғандар әкімшілік айыппұл салынады. Ал атыс қаруын ұқыпсыз сақтап, ол ауыр зардаптарға әкеп соқса, қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...