ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Жаңа жоба іске қосылды

17:43, 11 тамыз 2017

«Сіздің дербес менеджеріңіз». Азаматтарға арналған үкіметте осындай атаумен кезекті пилоттық жоба іске қосылды. Тұрғындар белгілі бір анықтамаларды жинап уақыт ұттырғысы келмесе, дербес менеджер қызметін пайдалана алады. Барлық жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Әріптесім Инара Барсақбаева жаңа сервиспен танысып келді.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қарапайым анықтамалардан бастап  сұранысқа ие күрделі мемлекеттік қызметтерге дейін жеке көрсете алады.  Оларды тізіп шығайық:  Кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу, жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату- сатып алу және т.б қызметтер  пилоттық жоба аясында қолжетімді.   Дербес менеджер  тиісті  мекемелерге барып, тиісті шаруаны сіздің орныңызға тындырады. Айталық, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алсаңыз,  дербес менеджер жылжымалы мүлік кепілін де сіздің қатысуыныссыз тіркейді. 

Дербес менеджердің қызметі ақылы. Оның құны көрсетілетін қызметтің күрделілігіне қарай байланысты.

Кесте: Мысалы, кепіл затты тіркеу қызметі шамамен 3000 - 3500 теңгеге бағаланған.  Дайын анықтамаларды үйіңізге жеткізгені үшін  600 теңге төлейсіз. Ал заңды тұлғаларға оның бағасы екі есе жоғары белгіленген.  Мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру  400 ден – 800 теңгеге  аралығында. Жаңа сервис мемлекеттік корпорацияның облыстық маңызы бар қалаларындағы фронт – офистерде іске қосылды.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...