ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Жанкелдин ауданы. Туған жерге тағзым!

17:39, 11 тамыз 2017

«Туған жерге туыңды тік». Елбасы айтқан осы бағдарлама аясында, Торғай ауылындағы «Оспанқожа әулие» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Игі іске кәсіпкерлер мұрындық болып, жергілікті жұртшылық та қолдан келген жәрдемдерін жасауда. Ғимараттың сыртқы келбеті жаңартылып, жылу жүйесі де іске қосылатын болды.

Торғай ауылындағы «Оспанқожа әулие» мешітінің іргетасы осыдан 25 жыл бұрын халық қаражатына қаланған. Өңірдегі ең үлкен мешіт сол кезден бері жөндеу көрмеген. Ауылының қамын ойлаған патриот азаматтардың ықпалымен осыдан жарты ай бұрын,  мешіттің  күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Жөндеу жұмыстарына 32 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның негізінде, ғимараттың сыртқы келбеті, есік-терезесі мен едені, сонымен қатар жарық, жылу жүйесі мен ішіндегі бұйымдары да жаңартылатын болады.  

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, игі іске ауыл тұрғындары да бір кісідей атсалысып жатыр. Барлығының мақсаты көне мешітті жаңа кейіпке енгізу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оспанқожа әулие мешітінің жөндеу жұмыстары 10 қазанға дейін аяқталып, халық игілігіне жаратылатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...