ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Жоғары оқу орындары жемқорлыққа қарсы

17:08, 10 наурыз 2017

Жемқорлыққа жол жоқ! Өңіріміздегі 8 жоғары оқу орны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен серіктестік және әріптестік қарым-қатынас меморандумын жасауға дайын. Екі тараптың өкілдері дөңгелек үстелде кездесіп, қоғамдық кеселдің алдын-алу және күресуге бағытталған маңызды құжаттың тетіктерін талқылады.

Облыс бойынша сегіз жоғары оқу орны жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге  дайын. Жақын арада білім мекемелерінің ректорлары мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қояды. Пара беруші студент мен пара алушы оқытушыны қатаң жазаға тарту арқылы «жең ұшынан» жалғасу сәл де болса бәсеңдейді дейді кездесуге қатысушылар. Сол себепті университет қабырғасында заңнаманы тереңдете оқытудың маңызы зор.    

Жоғары оқу орындары өкілдерінің айтуынша, бүгінде емтихандар, тіпті оқуға қабылдаулар электронды нұсқада жүргізіледі. Студент пен оқытушы арасындағы тікелей байланыс жоқ. Білім деңгейін бағалау арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Мүмкін, содан болар өткен жылы пара алып қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар  тізімінде мұғалімдер тіркелмеген.    

Өз кезегеніде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері студенттерге қоғамдық індет тақырыбы бойынша курстық және дипломдық жұмыстарды жазуда көмек көрсетуге әзір. Бұнымен қоса,  студенттерге мемлекеттік қызмет жүйесі туралы көп мағлұмат алу мүмкіндігі беріледі. 

Тақырып бойынша материалдар

Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
15:26, 24 тамыз 2017
Аманкелді ауданы. Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...