ШҰҒЫЛ! «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің барлық медиаактивтерінде жаңа маусымды бастамақ Толығырақ

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

18:31, 9 тамыз 2017

Шағын футболдан кезекті «Көлік құрастырушылар» кубогі үшін турнир болып өтті. Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен тартысты, әрі қызықты сайысқа барлығы 12 команда қатысты. Мақсат – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Облысымыздың мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындағы қызметкерлер бұл күнді өз жұмыс орындарында емес, жасыл футбол алаңында өткізді. Спортпен бірге сергек боламыз дегендер өзара командалар жасақтаған. Ресми бөлімінде ұйымдастырушылар алқасы, қатысушыларға сәттілік тілеп, бәсекенің жоғары деңгейде өрбитініне сенім білдірді.  «Көлік құрастырушылар» кубогы  биыл жалғасын тапты.  Биылғы дода  да  таласқа толы болды. Әр кездесуде командалар  айласын асырып, түрлі әдіс тәсілдер мен ұжымдық танытудың арқасында табан астында жеңіске жетіп келесі айналымға өтуге тырысты.

Шынайы чемпионат сынды тартысқа толы ойындарды кәсіби төрешілер басқарды.   Ең үздік команда, қақпашы және шабуылшы атағы мен кубокқа ие болу үшін ешқайсысы аянып қалмады. Жарысқа атсалысқан ұжымдар да осал болмады. Турнирге қатысушылар тыңғылықты дайындалған.  Спортты серік еткен жандар қатары да бұл күні аз болмады.

Мекемелер  арасындағы турнир әлі бір ай жалғасады. Әр жетінің соның командалар кездесіп, өзара мықтыны анықтайды. Айта кеткен жөн, жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды. Ұйымдастырушылар,  жарыстарды өзге де спорт түрлерінен өткізуге ниетті.  Мақсат айқын. Спорттың бұқара арасында дамып, спортқа дең қойған жандардың санын арттыру.

Тақырып бойынша материалдар

Рудный қаласы. «Тың – Целина 2017» спартакиадасы
19:33, 21 тамыз 2017
Рудный қаласы. «Тың – Целина 2017» спартакиадасы
Толығырақ...
Сарыкөл ауданы. Бұқаралық спорт дамып келеді
19:08, 8 тамыз 2017
Сарыкөл ауданы. Бұқаралық спорт дамып келеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
17:06, 17 тамыз 2017
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыруда
Толығырақ...